«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры әрі басқарма мүшесі болған Қуаныш Омарбековті ұстады. Онымен бірге тағы бірнеше адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Астана, NEGE. Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы болуы мүмкін.
Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 367-бабы 4-бөлігі – аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ жасаған пара беру бойынша тергеліп жатыр. Әзірге ҰҚК болжамды схеманың мән-жайын жариялаған жоқ.
Еске салайық, 11 қарашада ҰҚК «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Орыншиевті ұстаған болатын. Кейін сот оларды сыбайлас жемқорлыққа күдікті деп қамауға алуға санкция берді.