28 Қараша 13:32
...

«Самұрық-Қазына» құрамындағы тиімсіз компаниялар қысқаратынын айтты

тексеру
Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» компаниясы Жоғары аудиторлық палата тарапынан айтылған ескертулер бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. 

Астана, NEGE. Компания ескертулердің басым бөлігі қазірдің өзінде пысықталып, Қордың негізгі бағыттары бойынша жол карталарына енгізілгенін айтты.

Қор құрылымды айтарлықтай оңтайландырды – ұйымдар саны 10 жыл ішінде 593-тен 327 компанияға дейін қысқарды және бұл жұмыстар жалғасуда. Тиімсіз компаниялар қысқартылып, басқару жүйесі жеңілдетілді, операциялық тиімділік болса артып келеді,– деп хабарлады компания.

Сонымен қатар, Қор қаржылық көрсеткіштер, яғни кірістер, таза пайда, мемлекетке төленетін дивидендтер тұрақты өскенін мәлімдеді. Инвестициялық портфельде жалпы құны 53 трлн теңгені құрайтын іске асырылып жатқан 130 жоба бар және олардың орындалуына бақылау айтарлықтай күшейтілген.

Айта кетейік, бұған дейін Жоғары аудиторлық палата «Самұрық-Қазына» қорына қатысты тексеру жұмыстарын аяқтағанын мәлімдеген.