USD
USD
USD

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына» қоры мен қор тобының компаниялары басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ұсталса да, штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

«Самұрық-Қазына»
Фото: «Самұрық-Қазына» баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, инвесторлар, кредиторлар және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттеме өз күшінда қалады. Қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылады.

Бұған қоса «Самұрық-Қазына» өкілдері қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық қызметтерді орындауды жалғастыратынын және барлық серіктестерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта уәкілетті органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қор құқық қорғау органдарына жан-жақты қолдау көрсетіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қажетті өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде және сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсынуда», – делінген «Самұрық-Қазына» хабарламасында.

Еске салсақ, 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті және өзге де адамдарды ұстады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала

Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға есептелген атомшылар қалашығы салынбақ

АЭС

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс