USD
USD
USD

Samsung төрағасы Ли Гон Хи қайтыс болды

Samsung компаниясының төрағасы Ли Гон Хи 79 жасында қайтыс болды.

Samsung төрағасы Ли Гон Хи қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ли Гон Хи жексенбіде Сеулдегі Samsung ауруханасында қайтыс болды. Ол 1942 жылы дүниеге келген, ал 1987 жылы әкесінен, яғни Samsung негізін қалаған Ли Бен Чхольдан кейінгі екінші төраға болып тағайындалған, бұл туралы Ренхап агенттігі жазды.

2014 жылы Ли Гон Хи инфаркт алып, емделген болатын, содан кейін корпорацияның жұмысы оның мұрагеріне, ұлына, Samsung Electronics еншілес компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Енге өтті.

Сондай-ақ, Оңтүстік Корея прокуратурасы Ли Чжэ Ен концернінде билікті қолға алғанда Samsung Group-ты бақылау үшін корпорация ішіндегі компанияларды біріктіру кезінде заңсыз алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Ли Чжэ Еннен басқа Ли Гон Хидің Ли Бу Чжин мен Ли Со Хен атты қыздары бар. Тағы бір қызы Ли Юн Хен 2005 жылы өз-өзіне қол жұмсаған. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy