USD
USD
USD

Самбодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Қызылорда қаласында самбодан 2003-2004 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Самбодан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ел біріншілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыстан (Солтүстік Қазақстаннан өзге) спортшылар қатысты.

Қызылорда облысының самбошылары жалпы командалық есепте алдыңғы шептен көрінді.

Ұлдар құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен көш бастаса, қыздар құрамасы 2 алтын, 4 күміс, 6 қола медальмен екінші орынға ие болды. Жалпы командалық есепте ұлдар арасында Түркістан және Жамбыл облыстары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Ал қыздарда Алматы облысының самбошылары бірінші орын алса, түркістандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян