USD
USD
USD

Самат Нұртаза, саясаттанушы: Бүгін Президент халықтың тілегін орындады

«

Самат Нұртаза, саясаттанушы: Бүгін Президент халықтың тілегін орындады
Фото: NEGE.kz

Мемлекет басшысының көтерген бастамалары, атап айтқанда, бірнеше облыстың қайта құрылуы – көпшіліктің көптен күткен арманы еді».

Саясаттанушы Самат Нұртаза Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді.

«Бұл қатты ұнады. Өз басым қуанып отырмын. Халықтың осы тілегін бүгін Президент орындап берді. Бұған тек қана рахмет айтамын. Саяси реформалар қазірдің өзін де болып жатыр. Алдағы уақытта да бола береді.

Қазіргі ахуалға, геосаяси жағдайға байланысты кесімді сөз айту қиын. Сонда да Президентіміз тура жолдан таймай, реформа жүргізіп жатыр.

«Президенттің жақын туыстары жоғары лауазымды қызметтерге тағайындалмауы тиіс» деген мәселені көтерді. Мұның бәрі – халыққа берілген белгі. Осындай жақсы өзгерістер бар. Сондықтан «Нәтиже жоқ, жұмыс жасалынып жатқан жоқ» деп қалай айта аламыз?», – дейді саясаттанушы.

Самат Нұртазаның пікірінше, Қапшағай қаласына Қонаевтың есімін беру – Дінмұхамед Ахметұлына деген құрметі. Тоқаевтың өзі де, әкесі де Қонаевтың кезінде жұмыс істеген. Игілікке қол жеткізген.

Бұдан бөлек, Димаш Ахметұлына деген залықтың қошеметі де ерекше.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза