USD
USD
USD

Бас прокуратура: Самат ӘБІШКЕ қатысты тергеу жүріп жатыр

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның өзі хабарлпады.

Бас прокуратура: Самат ӘБІШКЕ қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. Сонымен қатар, қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.

Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады», – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс