Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.

Самат Әбіш
Фото: Фото: ғаламтордан

 

Алматы, NEGE. Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберді.

С.Әбіштің үстінен ҚР Қылмыстық кодексі 362-бабының 4-бөлігі бойынша (Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл баппен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген және жазаны айппұлмен алмастыру мүмкін емес.

Естеріңізге салайық, Самат Әбіш 2022 жылдың қаңтарына дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.

С.Әбіш қазір ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен жүр.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат