USD
USD
USD

"Самара-Шымкент" тас жолында жол апаты орын алып, бір адам қаза тапты

19 қарашада "Самара-Шымкент" тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Самара-Шымкент" тас жолында жол апаты орын алып, бір адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Kia Rio" автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі қолайсыз ауа райын ескермей, жолдың тайғақ учаскесінде көлік тізгініне ие бола алмай жолдың шетіне шығып кетіп, аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі жолаушы - 64 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты, ал жүргізуші жұбайымен бірге ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ауа райының күрт нашарлағанын, жолдарда көктайғақ пайда болғанын ескертеді. Осыған байланысты елдімекендерден тыс жерлерге алыс сапарларға шықпау ұсынылады.

Соған қарамастан, егер алыс жолға шыққан болсаңыз, жол-көлік оқиғаларын болдырмас үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз, - Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық