USD
USD
USD

«Салтанаттың орнында болуым мүмкін еді» – Тұрмыста зорлық-зомбылық көргенін айтқан блогер қыз өз-өзіне қол жұмсады

Алматыда 27 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсады. Достарының айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсамас бұрын хат жазып қалдырған.

Айлуна Рахим
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алматылық Айлуна Рахим SMM маманы болып жұмыс істеп, әлеуметтік желіде белсенділік танытқан. Оның өлі денесі 11 маусым күні кешке табылды. Марқұмның достары NeMolchi.kz қорына оның өзіне-өзі қол жұмсау туралы жазба қалдырғанын, онда бәріне бір жігітті кінәлағанын мәлімдеген. 

Айлунаның ата-анасы жоқ, ол әпкесінің қамқорлығында өскен. 

Айта кетейік, Айлуна 17 сәуірде Instagram парақшасындағы соңғы жазбасында күйеуімен  ажырасу себебін жариялаған. Ол қолында үтіктен қалған күйік ізін, күйеуі салған көгерген іздерді және күйіктерді көрсеткен.

Айлуна Рахим
Фото: әлеуметтік желіден

Алайда бұл жағдайдың суицидке қатысы бар-жоғы анықталған жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті