USD
USD
USD

Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының өліміне қатысты тың дерек айтты

Астанадағы мейрамханалардың бірінде адам қолынан қаза болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов оқиғаға қатысты тағы да бірнеше деректі «Ертысбаев Live» youtube-арнасына берген сұхбатында айтты. 

Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының өліміне қатысты тың дерек айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қарындасын жуындыруға кіргенде оның денесі адам шошырлық болған. «Бұл туралы айту өте қиын. Бишімбаевтар отбасының қандай мүмкіндіктері бар екенін жақсы білеміз. Сол үшін суреттер өзімізде де болуы тиіс деп жуындыруға кірген кезде бүкіл денесін суретке түсіріп алдық. Бас аймағында үлкен тесіктер болды. Өз көзіммен көрдім. Денесінің барлық жері көгерген. Егер сот немесе тергеу экспертиза шешімімен келіспесе, онда біз осы фото-видеоларды ұсынамыз», – деді Қайрат Нүкенов. 

 Сондай-ақ, Қайрат Нүкенов Қуандық Бишімбаевтың өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрайды.

«Бұған дейін оған ауыр айып тағылып сотталды, бірақ кешірім берілді. Міне, екінші рет ауыр қылмыс жасап отыр. Демек, пайдасы тимеді деген сөз. Сол үшін құқық қорғау орындарынан өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын. Себебі мұндай адам бостандықта жүрмеуі керек. Бірнеше жылдан соң қайта бостандыққа шықса, тағы да ауыр қылмыстар жасауы мүмкін. Мұндай адам қоғам үшін қауіпті», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар