USD
USD
USD

Салтанат Нүкенованың бауыры оқиға орнында түсірілген кадрларды жариялады

Салтанат Нүкенованың ағасы қайғылы оқиға болған мейрамханадағы бақылау камераларына түскен кадрларды жариялады.

Салтанат Нүкенова
Фото: Инстаграм/@aitym

Алматы, NEGE. Аталмыш кадрларды жариялауға Қуандық Бишімбаевтың адвокаттарының мәлімдемесі себеп болған.

«Бишімбаевтың адвокаттарының жалған сөзінен кейін тергеу нәтижесінде видеодан алынған скриншоттарын жариялауға мәжбүрледі. Сондай-ақ видеоның бірінші бөлігінде біздің Салтанатқа деген қарым-қатынасымызды салып отырмын. Адвокаттардың ойынша кішігірім жанжал қалай болатынын түсінбедім. Кадрларда оның қалай тепкілеп, жұдырықтағанын анық көруге болады, ал сұхбатта адвокаттар бұндай болмағанын айтады», - деп жазды ағасы инстаграм парақшасында.

Сонымен қатар ол адвокаттардың Нүкенованың өліміне қатысты айтқан жалған сөздерін де тізіп шыққан. Видеода қарындасының соққы салдарынан қаза тапқаны жазылған құжаттар да көрсетілген. Айтбек Амангелді көрсеткен қорытынды бойынша қыз басынан жұдырықпен, аяқпен 12-13 рет соққы алған.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич