USD
USD
USD

Салықтар мен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі

«E-Salyq Business»-те кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу жүзеге асырылады. Бұл белгілі бір дағдылары мен бухгалтері жоқ кәсіпкер үшін салықтар мен төлемдерді есептеу кезінде қиындықтарды болдырмайтын негізгі функционал. 

Салықтар мен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады.

«Кәсіпкердің салық міндеттемелерін есептеу қосымшада көрсетілген кірістер негізде жүргізіледі. Бұл ретте әлеуметтік төлемдерін есептеу үшін кәсіпкер профилінде кірістердің мөлшерін көрсетеді. Осы модуль азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша жеке тұлғалардың міндеттемелерін есептеу үшін қолданылады. Есептелген міндеттемелерді кәсіпкер қосымшаның шет жағындағы мәзірінің «Салықтар» бөлігінде көре алады. Төлеуге ыңғайлы болу үшін нәтижелер әр ай үшін бөлек көрсетіледі. Бұл бөлімде бірден салық төлеуге болады», - деді Панбаев.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер