Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Салықтан жалтарған блогер 5 жылға сотталды

Мәскеудің Савеловский аудандық соты ресейлік блогер Елена Блиновскаяны аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды және ақша жылыстату ісі бойынша бес жылға бас бостандығынан айырды.

Елена Блиновская
Фото: «Первого Ярославского»

Алматы, NEGE. Оған бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, 1 млн рубль айыппұл салып, төрт жыл коммерциялық қызметпен айналысуға шектеу қойды. Одан бөлек Блиновскаядан мемлекет пайдасына 587 млн рубль өндіріп алу туралы шешім қабылданған.

Сөзжарыс барысында мемлекеттік айыптаушы соттан Блиновскаяны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы блогерге қосымша жаза ретінде 1,5 миллион рубль көлемінде айыппұл салуды сұрап, оған қарсы азаматтық талапты толық қолдап, бес жылға коммерциялық қызметпен айналысуға тыйым салуды сұрады.

Сотта жауап алу кезінде ол өзінің қылмыстық ісі бойынша салық берешегінің сомасын және ақша жылыстату ісіне қатысы барын толық мойындады. Оның айтуынша, салық мәселесімен алдымен оның күйеуінің таныстары, содан кейін оның досы Лилия Орленко айналысқан.

Жалпы Ресейде салықтан жалтарған бірнеше блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың арасында блогер Валерия Чекалина мен оның күйеуі Артем Чекалин де бар.

Ал бизнес жаттықтырушы, танымал блогер Аяз Шабудтинов алаяқтықпен айналысты деп қамауға алынды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш