USD
USD
USD

Салық қинады. Назарбаевтың ресейлік банкі НЕГЕ қарқынын бәсеңдетуге мәжбүр?

Ресейлік Азия-Тынық мұхиты банкі биылғы жылдың бірінші тоқсанында былтырғыға қарағанда азырақ таза пайда алған. Алғашқы үш айдың таза қаржылық көрсеткіші 2,87 миллиард рубль көрсетті. Былтырғы алғашқы тоқсанда таза кірістің 3,83 миллиард рубль болғанын ескерсек, биыл 2025 жылғы рекорд жаңара қоймайтын сияқты.

.
Фото: NEGE

NEGE төрт жылдан бері АТБ банкінің қаржылық жағдайын үздіксіз бақылап келеді. Банк 2021 жылы санациядан өтіп, оны аукционда Назарбаевтың құрылымдары сатып алғалы бері үнемі плюске шығып келді. Өткен жылдың басында банкті сатып алуға жұмсалған инвестиция толығымен ақталғанын көрдік. Биыл таза пайда азайса да, қаржы ұйымының өзі тиімді жұмыс істеді деп айтуға негіз бар.

АТБ
Фото: АТБ Банкі тоқсандық есебі

Себебі, операциялық, әсіресе пайыздық табыс өскен. Былтыр бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 4,42 миллиард рубль болса, биыл 5,23 миллиард рубльге жетті. Демек, банк кредит пен депозит арасындағы маржадан бұрынғыдан көбірек табыс тауып отыр.

Мұның басты себебі – пайыздық шығыстардың төмендеуі. Банк тартылған қаражат үшін бұрынғыға қарағанда аз төлей бастаған. Сондықтан пайыздық кіріс сәл төмендесе де, шығыстың азаюы таза пайыздық табысты өсіріп жіберді. Бірақ АТБ резервке көбірек ақша бөлуге мәжбүр. Демек, банк кредиттік портфель сапасына сақтықпен қарай бастады, не кейбір қарыздар бойынша тәуекел шынымен өскен. Қалай болғанда да, резервтің көбеюі таза пайданы бірден төмендетіп тастады.

АТБ
Фото: Nege.kz

Оған қоса, бірінші тоқсанда кейінге қалдырылған салық факторы қатты ұрды. Салыққа дейінгі пайда, яғни EBITDA қатты құламаған еді. Бірақ салыққа көп шығын кетті. Ал балансқа қарасақ, Азия-Тынық мұхиты банкі Ресей нарығында агрессивті өсіп жатқан банкке ұқсамайды. Активтері шамамен 337,5 миллиард рубль деңгейінде қалып отыр. Ал таза ссудалық берешек 221,6 миллиард рубльден 219,3 миллиард рубльге дейін төмендеген. Бұл банк кредиттік портфельді ұлғайтпай, керісінше сәл қысқартып отырғанын көрсетеді.

Бұдан шығатын басты қорытынды мынадай. АТБ Назарбаевқа әлі де жақсы пайда әкеліп отырған актив. Бірақ былтырғыдай жеңіл өсім дәуірі аяқталған болуы мүмкін. Енді банкке тек маржа емес, кредит сапасы, резерв саясаты және салықтық нәтиже көбірек әсер етеді.

АТБ
Фото: Nege.kz

Нұрсұлтан Назарбаев құрылымдарына қарасты «Pioneer Capital Invest» компаниясы 2021 жылы Ресейдің Орталық Банкі өткізген аукционға қатысып, АТБ Банкті 193 миллион долларға сатып алған болатын. Бұл таласта олар «Промсвязьбанк», «Совкомбанк» сынды банктерді артта қалдырғаны есімізде.

Ашық деректерге сай, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Азия-Тынық мұхиты банкінің акционері тек 1,1 миллиард рубльді ғана дивиденд ретінде алған. Қалған кіріс банкте осы уақыттан бері қордаланып жатыр. Қазір капитал құрамындағы бұл ақшаның көлемі 33,6 миллиард рубльге жетті.

Қазір оқып жатыр

«Центр плова» дәмханасындағы жарылыс: сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды

дәмхана

Жылдық мәнде инфляция 10,4%-ға дейін баяулады

Инфляция

Қазақстанда 2028 жылдан бастап ұл балаларға адам папилломасы вирусына қарсы екпе салына бастайды

Адам папилломасы вирусы

Таразда 3,5 млрд теңгеге салынуы тиіс болған Футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған

Лория, Жақсылықов, Қарашөкеев