USD
USD
USD

Салық қарызы: Қазақстандықтардың шоты қай сомадан бастап бұғатталады?

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Қайсар Арын брифингте салық бойынша ел тұрғындарының шоттарын блоктай бастайтын қарыз сомасын атады.

салық
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Алғашқы шаралар салық қарызы 20 АЕК-тан (86 500 теңге) асқан кезде қолданыла бастайды.

«Біз дифференциалды тәсіл қолданғандықтан, салық қарызы 20 АЕК-тен асқан жағдайда өсімпұл есептеледі, хабарлама жіберіледі, содан кейін мерзіміне қарай банк шоттарындағы шығыс операциялары, кассалық операциялар және инкассациялық өкім уақытша тоқтатылады», – деді Қайсар Арын.

Оның айтуынша, 45 АЕК-ке дейінгі (194 625 теңге) қарызға осы шаралар қолданылады, одан асып кеткен жағдайда салық органдары борышкерлердің шоттарынан ақша өндіріп, мүлікті тізімдеп, сатуға шығара алады. Қарыз өтелмеген жағдайда салық төлеуші сот арқылы банкрот деп те танылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли