USD
USD
USD

«Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты

Шалғай өңірлердің тұрғындарын қолжетімді және білікті, тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін 2010 жылдан бастап «Медициналық пойыздар» жобасы іске асырылуда, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

«Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылады.

Оның аясында шалғайдағы ауыл тұрғындарына зерттеп-қарау, диагностика және емдеу бойынша медициналық қызметтер көрсетіледі.

2023 жылдың 26 сәуірінде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын Алматы қаласынан бастады.

Кесте бойынша «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 5 желтоқсанға дейін 112 станцияның 80 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.

Абай, Ұлытау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарының станцияларына бару жоспарлануда.
Медициналық пойыз қажетті медициналық жабдықтармен және дәрігерлермен толық жарақталған.

2022 жылы «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарымен 147 станция қамтылып, 77 648 тұрғынға, оның ішінде 20 518 балаға қызмет көрсетілді, 5 097 шағын хирургиялық операциялар жүргізілді, 304 377 тар мамандармен қаралды, 66 072 консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетілді.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай