USD
USD
USD

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Алматы облысына жолға шықты

Бүгін «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Алматы облысының Байсерке станциясынан жолға шықты. Медициналық пойыз Жетісу облысына барып, шалғай станциялар мен разъездерде тұрғындарға қызмет көрсетеді. Пойыз 20 маусым мен 2 қараша аралығында еліміздің 67 шалғай станциясына барады.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Алматы облысына жолға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маршрут келесі облыс аумақтары арқылы өтеді: Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстары, сондай-ақ үш жаңа өңір – Жетісу, Абай және Ұлытау. «Саламатты Қазақстан» пойызы жапон және неміс өндірісінің медициналық жабдықтарымен қамтылған: қажет болған жағдайда кеңейтілген жалпы және биохимиялық талдауларды, рентгенография мен флюрографияны, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмма және гастрофиброскопияны, диагностикалық зерттеулердің өзге де түрлерін жасауға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар биыл стамотологиялық құрылғылар да жаңартылған», – деді «Саламатты Қазақстан» пойызының аға дәрігері Арман Исайнов. Мамандандырылған медициналық пойыз 8 вагоннан тұрады: дизель-генератор вагоны, 4 медициналық вагон, 1 конференц-зал және мейрамхана, 2 купе вагон. Дизель-генератор вагоны қажет болған жағдайда төтенше жағдай кезінде шағын елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады.

Пойыздар республиканың жетекші клиникаларымен телемедициналық консультациялар жүргізу үшін телефон байланысымен, интернет желісімен жабдықталған. Медициналық персонал білікті мамандардан құралған: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог, рентгенолог, кардиолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист, функционалдық диагностика дәрігері.

Биыл медицина мамандарының құрамына психолог және дерматовенеролог қосылды, жобаға барлығы 36 маман қатысады. Дәрігерлер бригадасы халыққа барлық қызметті тегін көрсетеді. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылуда.

Айта кетейік, «Саламатты Қазақстан» – жоба бойынша екінші пойыз. Себебі, 23 мамырдан бастап «Жәрдем» медициналық пойызы шалғай аудандарда тегін медициналық көмек көрсете бастады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси