USD
USD
USD

Сәкен Майғазиев лауазымды қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының өкімімен «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып Майғазиев Сәкен Қордабайұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәкен Майғазиев лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Шымкент. NEGE. Сәкен Қордабайұлы 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы Созақ ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде «Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «Эстрада әншісі» бөлімі бойынша білім алған. 2001 жылдан бастап «МузАРТ» тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 жылдан бастап - Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз қызметін атқарды. 2018-2020 жылдар аралығы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды. Сәкен Қордабайұлы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы марапаттарының иегері.

Қазір оқып жатыр

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.