USD
USD
USD

Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

Токио Олимпиадасында қазақстандық Сәкен Бибосынов (52 келі) жартылай финалға шықты.

Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол бүгін ширек финалда испаниялық Габриэль Эскобармен қолғап түйістірді. Сәкеннің қарсыласы - Габриэль Эскобар 1996 жылдың 22 шілдесінде Испанияның Леганес қаласында дүниеге келген.

Бүгінге дейін құрлықтық додаларда жеңімпаздар қатарынан көрінді. Әзірге дүниежүзілік деңгейде жүлде алған жоқ. Бүгінгі жекпе-жекте Сәкен қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Бұдан бұрын жартылай финалға Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) шыққан болатын. Ал Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде Пуэрто-Рикодан келген Янкиель Ривераны 4:1 есебімен жеңсе, одан кейін франциялық Биллал Беннамнан 5:0 есебімен басым түсті.

Бүгін тағы бір қазақстандық Закир Сафиуллин (63 келі) ширек финал ойынын өткізеді. 

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors