USD
USD
USD

Бесінші қола: Сәкен Бибосынов финалға шыға алмады

Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сәкен Бибосынов жартылай финалда қарсыластан басым түсе алмады.

Бесінші қола: Сәкен Бибосынов финалға шыға алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Токиодағы шаршы алаңда алғашқы раунд өте тартысты өтті. Ұлыбританиялық боксшы нокдаун ашқаннан кейін төрешілер есепті сол боксшының есебіне жазды. 

Екінші раундта отандасымыз бірінші нөмірде өнер көрсетіп жүріп, үш төрешінің ұпайын иеленді.

Шешуші раундта Сәкен Бибосынов барын салды. Бірақ, қорытынды есепте жеңіс Ұлыбританиялық боксшыға бұйырды. Сәкен осылайша Қазақстан қоржынына бесінші қоланы салды. 

Сәкен Түркістан облысының тумасы, 1997 жылы туған. Мырзағали Айтжановтың төл шәкірті.

Ол 2019 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған. 

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors