USD
USD
USD

Сәкен Бибосынов «Ел қорғаны» медалімен марапатталып, 1 млн теңге иеленді

Бокстан әлем чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновқа мемлекеттік «Ел қорғаны» медалі табысталды.

Сәкен Бибосынов «Ел қорғаны» медалімен марапатталып, 1 млн теңге иеленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спортшы Жаңа жыл қарсаңында 1 миллион теңгеге ие болды. «Елінің ертеңін ойлаған азамат, тарихын түгендеп, өткенін өшірмей, бабаларын бағалап жүреді. «Ел қорғаны, ер аманаты» деді дана халқымыз?! Аманатты арқалап, жерім деп жегіліп, елім деп еміреніп өту отанның ұландарына міндет. Иә, бүгінгі бейбіт заманда қолға қару алып, жауға шабатын күнді Құдай басқа салмасын, тек шекарамыздың шетін күзетіп, елдің тыныштығын күйіттеп жүрсе игі.

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек! Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам еліміздің мүддесі үшін адал еңбек  етуде жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің ұлтжанды азаматы болуы керек деп санаймын. Мен Қазақстан Республикасына қызмет етемін!», – деп жазды Бибосынов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

 

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан