USD
USD
USD

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Бокстан әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады.  

 Бокстан әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады.   

Сәкен Бибосынов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық былғары қолғап шебері бұл кездесуінде филиппиндік 23-жастағы Кристиан Леганмен (6-2-3, 4 KO) қолғап түйістірген еді.

Жекпе-жек барысында Сәкен басымдық танытып, қарсыласын нокаутқа жіберді. Отандасымыз осылайша жарысты ерте аяқтады. Екінші жеңіл салмақтағы айқас алты раундқа белгіленген еді.

Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем біріншілігінде жеңіс тұғырына көтерілсе, 2020 жылы Олимпиадада қола жүлдеге ие болды. Оған қоса 2022 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana

Саясатқа бет бұрған Айжан Аймағанова жұмыстан кеткенін мәлімдеді

.

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы