USD
USD
USD

Сайтан алғыр, біз қайдамыз: Байден Ақ үйді «алтын торға» теңеді

АҚШ президенті Джо Байден өзінің Ақ үйдегі өмірін «алтын торға» теңеді, деп хабарлады Associated Press.

Сайтан алғыр, біз қайдамыз: Байден Ақ үйді «алтын торға» теңеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мен таңертең ұйқымнан оянып, әйелім Джиллге қараймын да: «Сайтан алғыр, біз қайдамыз?», - деймін. Тіпті, сырт киімімді біреудің ұстап жүргеніне көзім үйренісе алмады», - депті Байден. 

Байден Барак Обаманың әкімшілігінде вице-президент қызметін атқарған кезде Ақ үйдегі кеңселерде болған, алайда бұған дейін тұрғын үй кешеніне кіріп көрмеген екен. Оның айтуынша, ол вице-президенттің резиденциясынан айтарлықтай ерекшеленетін көрінеді. Соған қарамастан, Байден президенттік қызметті меңгеріп алғанын да айтты.

«Айналама қарасам, барлығы тез болып жатқан сияқты. Тіпті төрт жыл өтіп кеткендей көрінеді», - деп ағынан жарылыпты.

Бұған дейін АҚШ вице-президенті Камала Харристің президенттің орнына әлем көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлескені әшкере болған еді. Бұқаралық ақпарат құралдары жаңа әкімшіліктің әлем көшбасшыларымен байланыс орнатуы таңқаларлық жағдай екенін атап өтті. Журналистердің пікірінше, бұл жағдай Байденнің президент ретіндегі міндеттерін орындау қабілетіне күмән келтіреді екен.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес