USD
USD
USD

Сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған жігіт ұсталды

Алматыда сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған жігіт ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 22 жастағы Б.есімді азамат сайттар арқылы қыздармен танысып, оларды кездесуге шақырған, бірақ барлық оқиғаның соңы алаяқтықпен аяқталған.

– Ол серіктерімен құпия әңгіме бастайды. Бір кезде жаңа танысы түрлі сылтаулармен олардан қоңырау шалу үшін ұялы телефондарын сұрап, қашып кетеді. Алданған қыздар ер адам ұялы телефонды қайтарып беретін шығар деп абдырап тұрғанда ол ұялы телефонды ломбардқа өткізген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері күдіктіні анықтады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің қазіргі кезеңінде осыған ұқсас 2 эпизод анықталды, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Тергеу дәлелдемелік негізде жұмыс істеп жатыр. Алданғандар көп болуы мүмкін. Осыған байланысты полиция қызметкерлері күдіктінің суретін мұқият қарап шығуды сұрайды және оны таныған жағдайда мына телефондарға хабарласуды ұсынады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті