USD
USD
USD

Сайран көлінің түбі 50 жылда алғаш рет тазартылып жатыр

Алматыда үш қалалық көлді тазарту жалғасуда. Сайран, Қарасу және Әуежай көлдері осы жылдың наурыз айынан бастап қоқыс пен лайдан тазартылып жатыр. Көл түбін құрғату үшін Есентай, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің ағысы тоқтатылды.

Сайран көлінің түбі 50 жылда алғаш рет тазартылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сайран су қоймасының түбі соңғы 50 жылда алғаш рет механикалық тазартылуда. Арна мен жағалауды тазартуға 4 экскаватор мен 30 самосвал жұмылдырылған. Аумағы 60 га, жұмыс басталғалы 140 мың м3 қоқыс пен лай шығарылды. Тазалау жұмыстары жақын күндері аяқталады. 

Сонымен қатар, Үлкен Алматы өзенінің №1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейінгі бөлігі, Есентай өзенінің жекелеген аумағы және Кіші Алматы өзенінің Әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі аумақ санитарлық тазартудан өтеді.

Механикалық тазартудың негізгі мақсаты – биологиялық үдерістерді сақтау және су айдындарының экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру үшін жағдай жасау.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank