USD
USD
USD

Сайран көлінің маңынан қару-жарақ қоймасы табылды (видео)

Сайран көлінің маңынан тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайран көлінің маңынан қару-жарақ қоймасы табылды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаланың Алмалы ауданында сынған, құрғақ бұтақтардың астынан қойма табылды.

– “Қару” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы қаласы бойынша ЛА-155/13 ҚАЖД мекемесінің жедел тобының қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге Варламов көшесі бойынан, Сайран көліне қарай, батыс бағытта құрғақ бұтақтардың астындағы бұталардың арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды. Мәселе 12 калибрлі, екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, ПМ газ тапаншасы, сонымен қатар оқтар туралы болып отыр, – деді Алматы қаласы бойынша ЛА-155/13 ҚАЖД мекемесінің жедел уәкілі Рахат Нұрбеков.

Алдын ала мәлімет бойынша табылған қарулар биылғы жылдың қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған. Оның нақты кімдікі екендігі сараптамадан кейін анықталатын болады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті