USD
USD
USD

Сайран көлі абаттандырылады

Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындармен кездесу барысында Сайран көлін абаттандыру мен түйткілді мәселелерді шешуге жеке-жеке тоқталды.

Сайран көлі абаттандырылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ерболат Досаевтың айтуынша, биыл Сайран көлін абаттандыру, соның ішінде көлдің түбін тазарту және жағалау аймағын көгалдандыру жұмыстары жоспарланған.

«Бүгінгі таңда Сайран көлінің бөгеттеріне көпфакторлы зерттеу жүргізілді. Биыл шілде айында жобалық-сараптамалық жұмысқа қатысты мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз. Жағалау аймағын ретке келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өту мәселесі қыркүйек айында аяқталады деп ойлаймын», – деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімі III тоқсанда Сайран көлінің түбін тазарту және абаттандыру үшін құрылыс-монтаж жұмысына қаржы бөлу мәселесі қаралатынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев