USD
USD
USD

Сайрам тұрғын алабында инсульт орталығы ашылды

Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабындағы № 3 қалалық аурухана базасында тәулік бойы қызмет ететін II деңгейлі инсульт орталығы ашылып, науқастарға жедел медициналық көмек көрсетілуде.

Сайрам тұрғын алабында инсульт орталығы ашылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жаңадан ашылған орталықта дәрігерлер инсульт алған науқастарға емдеу шаралын жүргізуде. Аурухана базасында ауыр халдегі науқастарға жедел медициналық көмек көрсету үшін жаңадан компьютерлік томография, ИВЛ, т.б., аппараттары орнатылған. Сондай-ақ, емдеу мекемесінде жоғары дәрежелі білікті невролог, нейрохирург мамандары жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда аурухананың инсульт орталығында 38 науқасқа медициналық көмек көрсетілген. Оның ішінде 31 науқас ишемиялық, 7 науқас геморрогиялық инсульт диагнозымен емделді. Сондай-ақ, 7 науқас жан сақтау бөлімшесіне өте ауыр жағдайда түскен, ем қабылдау барысында жағдайы жақсарып нейроинсульт орталығына ауыстырылды. Және 4 науқасқа ота жасалды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек