USD
USD
USD

Сайлаушыларға сыйлық үлестірілді

Алматыда кейбір референдум учаскелерінде алғашқы сайлаушыларға сыйлық берілді. Бұл туралы аумақтық комиссия төрағасы Жанна Асанова айтты.

Сайлаушыларға сыйлық үлестірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спикер брифинг барысында референдум учаскесіндегі комиссия мүшелері сайлаушыларға сыйлықты қайдан алды деген сауалға жауап берді.

«Сыйлыққа республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Ереже бойынша сайлау учаскелерінде кәдесыйлар, фирмалық шыныаяқ таратылды. Учаскелік комиссиялар мұндай заттармен қамтамасыз етілмеген. Мұны кәсіпкерлер демеуші ретінде, жеке ұйымдар өз өнімдерін жарнамалап ұсынуы мүмкін. Бұл оң үрдіс кеңес кезеңінен бері жалғасып келеді, әсіресе көптеген жастар үшін алғашқы сайлау мереке іспеттес. Алматының кейбір учаскелерінде сыйлық болғанын атап өткім келеді», – деді Жанна Асанова.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы