USD
USD
USD

Сайлаушылар тізімін кім жасайды?

Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Сайлаушылар тізімін кім жасайды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды. Оған республиканың белсенді сайлау құқығы бар 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті, бас бостандығынан айыру орындарында отырмайтын азаматтар енгізіледі. Нақты бір сайлау учаскесінде азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып саналады», – деді ол ОСК отырысында.

Оның атап өтуінше, уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне олардың жергілікті атқарушы органдарға берген өтініші негізінде ғана енгізілуі мүмкін.

«10 желтоқсанға дейін тіркеу болмаған жағдайда азаматтар дауыс беруге арналған учаскені таңдау туралы жергілікті атқарушы органға өтініш жасауға құқылы. Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде 30 күн бұрын, яғни 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні оның тіркелген жері бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болған жағдайда, ол өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтініш жасауға құқылы. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны азамат дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады», - деді Константин Петров.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу