USD
USD
USD

Сайлауға түсетін кандидаттарды тіркеу аяқталды

Орталық сайлау комиссиясы президент болуға үміткер алты кандидатты ресми түрде бекітті, деп хабарлады «Хабар 24».

Сайлауға түсетін кандидаттарды тіркеу аяқталды
Фото: NEGE.kz

Тізімде Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, оппозиция өкілі Нұрлан Әуесбаев және Салтанат Тұрсынбекова бар.

Алматы, NEGE. Орталық сайлау комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық сайлау комиссиялары әр кандидатты насихаттайтын баспа материалдарына қажет стенд, билборд секілді орындарды теңдей қып белгілеуі тиіс. Ал, сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бүгін сағат 18:00-де басталды.

 Үгіт-насихат негізінен үш тәсіл арқылы жүргізіледі. Кандидат өз бағдарламасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарата алады. Сондай-ақ кандидаттардың өзі және сенім білдірілген адамдары сайлаушылармен кездеседі. Радио арқылы да үгіт жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Ал қарашаның жиырмасында Қазақстан халқы өз президентін таңдайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер