USD
USD
USD

Сайлаудың қорытындысы қандай болса да, біз қабылдауға дайынбыз – Ердоған

​Ертең Түркия халқы көптен күткен тарихи күннің куәсі болмақ. Үгіт-насихат жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сайлаудың қорытындысы қандай болса да, біз қабылдауға дайынбыз – Ердоған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеше оппозиция атынан сайлауға түскен Кемал Кылычдароғлу Анкара тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарына нүкте қойды. Ал Ердоған тікелей эфирге қатысып, журналистердің сұрағына жауап берді. Жансу Жанан Өзге есімді журналистің "Егер сайлауда жеңіліп қалсаңыз, әсеріңіз қандай болады?" деген сұрағына Ердоған "Біз жәшіктен шыққан кез келген нәтижені қабылдаймыз" деп жауап берді.

"Мен өз ұлтыма сенемін. Шыққан қорытындыға құрметі жоқтың ұлтқа деген құрметі жоқ. Республика альянсы дауыс беру жәшігінен шыққан кез келген нәтижені қабылдайды. Қарсы тараптан да осындай әрекет күтеміз. Өкінішке орай, Кылычдароғлу сайлау жәшігінің қауіпсіздігі деп қоймайды. Сенімсіздік білдірсең жауапты адамдарыңды қой. Мен жексенбіде халқым тағы да Президенттік қызметті маған сеніп тапсырады деген ойдамын", - деді тікелей эфирде.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік