USD
USD
USD

Сайлаудың қаншалықты әділ өткенін қайдан білуге болады?

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы электоралды оқыту орталығының басшысы Жанар Бұқанова айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Сайлаудың қаншалықты әділ өткенін қайдан білуге болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маман әлеуметтік зерттеулердің Сайлау жүйесіндегі ең маңызды рөлі сайлау компаниясы қалай өткенін, қаншалықты ашық болғанын, азаматтардың құқықтары бұзылып-бұзылмағанын көрсету үшін қажеттігін айтты. Халықаралық тәжірибеде бар аталған әлеуметтік зерттеулер экзит-полл деп аталады.   

«Экзит-полл әр учаскені өздері таңдайды. Осы сайлауда бізде 6 ұйым әлеуметтік зерттеулерді өткізуге рұқсат алды. Ол ұйым Алматыда, Астанада немесе басқа қалаларда болуы мүмкін. Сол учаскелерге келіп, өздерінің әлеуметтанушыларын қояды. Олар есіктің алдында тұрады. Азаматтарымыз дауыс бергеннен кейін олардан сұрағымызға жауап бере аласыз ба деп рұқсат сұрау керек. Азамат келіссе, оған «Сіз кімге дауыс бердіңіз?» деген сияқты сұрақ қоя алады, – деп түсіндірді маман.  

Оның айтуынша, сайлаушының сұрақтарға жауаптары бойынша экзит-полл нәтижелері шығарылады. Сонда экзит-поллдар мен Орталық сайлау комиссиясының нәтижелерінің арасы тым алшақ болмауы керек. Өйткені нәтижелер көрсеткішінде үлкен айырмашылық болса, бұл сайлау әділ болмағаны айқындалатынын айтты Жанар Бұқанова. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.