USD
USD
USD

Сайлауда цифрлық куәлікпен дауыс беруге болады

Сайлау учаскелерінде цифрлық куәлікті пайдалануға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин хабарлады.

Сайлауда цифрлық куәлікпен дауыс беруге болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда eGov mobile қосымшасындағы "Цифрлық құжаттар" сервисінде 20 құжат орналасқан. Оның ішінде цифрлық жеке куәлік, ҚР азаматының цифрлық паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест, туу туралы куәлік және т.б. бар.

"Цифрлық құжаттың барлығын талап ету орны бойынша ұсынуға болады. Сондай-ақ, барлық сайлау учаскесінде сайлау күні цифрлық куәлікті де пайдалануға болады. Жыл соңына дейін "Сақтандыру полисі", "Нотариаттық құжаттар" және т. б. сияқты цифрлық құжаттарды шығару жоспарланып отыр", - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері