USD
USD
USD

Сайлау күні астаналықтар автобуста тегін жүреді

19 наурызда өтетін сайлау күні елордада қоғамдық көліктер қалалық және қала маңындағы маршруттарда тегін болады, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Сайлау күні астаналықтар автобуста тегін жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қоғамдық көлік әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін қатынайды. Ал 20 наурыздан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорда әкімінің тапсырмасы бойынша қаланың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін тегін жол жүру тәсілі енгізілген болатын. Осы уақыт ішінде оқушылар 48 миллион сапар жасады.

Сол сияқты азаматтардың жеңілдетілген санаттары, оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және т.б. тегін жол жүруді пайдаланады.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен 17 жастағы тұрғын ұсталды

Полиция

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев