27 Наурыз 13:25

Сайлау: Кім озды? Кім қалды?

Фото:
Осыдан бір апта бұрын ғана өткен кезектен тыс парламенттік сайлау ел үшін үлкен саяси науқан болды. Сайлау учаскелерінде болған бұқаралық ақпарат өкілдері әр аймақтың дауыс берудегі белсендігілін бақылап, жедел хабар таратып отырды

.

NEGE тілшісі де осы тұста ел астанасы мен өзге де өңірлердегі тұрғындардың сайлауға қатысу процесіндегі анықталған деректерді шолып шыққан еді.

Қазақстандағы учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де ашылып, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды. Осы уақыт бойы полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп, құқық бұзу оқиғаларын бақылаумен айналысқан.

Қай өңір белсенді болды?

19 наурыз, 14: 10 уақытындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда сайлауға қатысу тоғыз сағат ішінде 52 пайызды құрапты.

Жергілікті және халықаралық бақылаушылардың пікірінше, тұрғындардың дауыс беру белсенділігі жоғары болған.

 Бұған дейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы сайлау күнінің соңына дейін осындай қарқынмен келу пайызы 55-70% жетуі мүмкін екенін айтқан болатын. Сауалнамаға қатысқан бірнеше тұрғындар партияларға емес, жеке депутаттарға дауыс беруді жөн көретіндіктерін айтып берген екен.

Жалпы, ел бойынша сайлауға қатысу көрсеткіші 54,09 пайызды құрапты. Орталық сайлау коиссиясы мәліметтері бойынша сол күнгі 20:00-дегі жағдаймен 12 миллион сайлаушыдан 6,5 миллион адам дауыс берген.

Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары – Қызылорда облысында тіркеліпті. Яғни ол 67,21 пайызды құрайды. Ал Астанадағы сайлаушылардың пайызы 42,91 болған. Шымкентте 45,46 пайыз дауыс берсе, Алматыдағы дауыс бергендер саны 25,82 пайызды құраған.

Елордада 300 мыңнан аса адам дауыс берді

Кейін Астананың аумақтық сайлау комиссиясының отырысында партиялық тізімдер мен аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын елорда мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары айтылды. Отырыста сайлаудың нәтижелерін Астана сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова жария етті.

Оның айтуынша, елордада 788 931 сайлаушы тіркеліп, оның ішінде 332 694 адам дауыс беруге келген.

Осы айтылған ақпаратқа сәйкес, елорда мәслихатына сайлау қорытындысы бойынша дауыстар былайша бөлінді:

Amanat партиясы - 227 307 дауыс, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-2 147 дауыс, Respublica партиясы-5 401 дауыс, Қазақстан Халық партиясы 18 174 дауыс жинаса, «Байтақ» Жасылдар партиясы 18 154 дауыс иеленді.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы жинаған дауыс 56 045 болды. Барлығына 3269 сайлаушы дауыс берген.

Астанадан ұсынылған депутаттар

Бектемісова хабарлағандай, бір мандатты аумақтық округтер бойынша депутаттық мандаттар келесідей бөлінген:

№1 сайлау округі –Владислав Сергеев, Amanat партиясынан;

№ 2 сайлау округі –Динара Сатжанқызы, Amanat партиясынан;

№3 сайлау округі –Азамат Өмірзақов, Amanat партиясынан;

№4 сайлау округі –Мадина Берікболқызы, Amanat партиясынан;

№5 сайлау округі –Азамат Серікұлы, Астана қаласындағы "Алматы" ауданы Amanat партиясы филиалының төрағасы;

№6 сайлау округі– Нұрлан Маратұлы, Amanat партиясынан;

№7 сайлау округі – Салтанат Мұқанбетпанақызы, Amanat партиясынан;

№8 сайлау округі –Қанат Ғалымжанұлы, Amanat партиясынан;

№9 сайлау округі– Бахаргүл Төлеген, Amanat партиясынан;

№ 11 сайлау округі–Азамат Манасұлы, Amanat партиясынан;

№ 12 сайлау округі –Сәуле Самидинқызы, Amanat партиясынан;

№ 13 сайлау округі– Ғабит Қалиұлы, Amanat партиясынан;

№ 14 сайлау округі – Дэвид Лория, Amanat партиясынан;

№ 15 сайлау округі– Бауыржан Амангелдіұлы, Amanat партиясынан;

№ 16 сайлау округі –Талғат Файзоллаұлы, Amanat партиясынан;

№17 сайлау округі –Жандос Қанатұлы, Amanat партиясынан.

Тегтер: