USD
USD
USD

Сайлау кезінде қанша заң бұзушылық тіркелді?

Азаттық радиосы "Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры мен Қазақстан жастарының ақпарат орталығының (МИСК) тәуелсіз бақылаушылары кезектен тыс президент сайлауы кезінде бірнеше заң бұзушылық тіркегенін жазды. 

Сайлау кезінде қанша заң бұзушылық тіркелді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан жастарының ақпарат орталығы жанындағы жас бақылаушылар лигасы ұсынған ақпаратқа сәйкес дауыс беру күнінің бірінші жартысында 25 заң бұзушылық орын алса керек. Оның басым бөлігі бақылаушылардың құқығына байланысты болғаны атап өтілді. 

 "Бақылаушылар отырған жерді қызыл лентамен қоршап, қозғалысына кедергі келтірді. Орындықта отыруды сұрап, қанша адам дауыс беруге келгені жайлы ақпаратты бермеді, хаттама жайлы ақпарат сұраса қуып шығамыз деп қорқытады", – деп хабарлады жас бақылаушылар лигасы.

Тәуелсіз бақылаушылардың сөзінше, осы тектес кедергілердің көбі Астана қаласында тіркелген.

"Еркіндік қанаты" ұйымы "тәуелсіз бақылаушылар құқығы бұзылғанын" жеткізген. Ақпар бойынша кейбір бақылаушыларды сайлау учаскесіне кіргізбеген және ақпарат бермей қойған. Сонымен қатар Астанада ұйымның екі бақылаушысын учаскеден қуып шыққан.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев