Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сайлау кезінде барлық кандидатқа қарсы дауыс бергендер бар

25 шілдеде Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау және Түпқараған аудандарында 10 сайлау округтің аумағында ауыл мен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

Сайлау кезінде барлық кандидатқа қарсы дауыс бергендер бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы мәлім етті. Асқар Рзахановның айтуынша, 10 округ бойынша сайлаушылар тізіміне 14 144 адам енгізілген.

Сайлау күні 11 650 адам сайлауға қатысты, яғни бұл - сайлаушылардың жалпы санының 82,4%. Бейнеу ауданында сайлаушылардың 87,27%, Қарақия ауданында - 84,7%, Маңғыстау ауданында - 85,4%, Түпқараған ауданында - 78,5% дауыс берді.

Сайлау бюллетеньдерге 25 үміткер енгізілді. Соның ішінде бес сайлау округінде - 2 кандидаттан, бес сайлау округінде - 3 кандидаттан. Сайланған әкімдердің орташа жасы - 41,5. Ең кішісі - 26 жаста, ең үлкені - 60 жаста.

Сайланған 10 әкімнің жетеуі - мемлекеттік қызметкер. Оның ішінде 2 әкім нақты ауылдық округте қайта сайланды.

Өткен сайлаудың басты ерекшелігі - бюллетеньде «барлығына қарсымын» деген бағанның болуы. Сайлаушылар арасында 279 адам бәріне қарсы дауыс берді.

Дауыс беру күні сайлау комиссияларына ешқандай өтініш пен шағым келіп түскен жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сайлау учаскелері жабылып, дауыс санау басталды

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі