USD
USD
USD

Сахалинде тұрғын үйде газ жарылып, тоғыз адам қаза болды

Сахалиндегі Тымовское ауылындағы тұрғын үйде газ жарылып, тоғыз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сахалинде тұрғын үйде газ жарылып, тоғыз адам қаза болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 19 қарашада таңертең Сахалинде тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Жарылыс салдарынан бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылған.

Жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тапқан, оның төртеуі бала екені анықталды.

Жарылысқа газ баллонын дұрыс сақтамау немесе дұрыс пайдаланбау себеп болған деген болжам жасалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Тымовское ауылына қосымша 26 құтқарушы тобы жіберілген. Сонымен қатар, оқиға болған жерде Төтенше жағдайлар министрлігінің кинологтары мен психологтары көмектеседі.

Сахалиндегі Тымовское ауылындағы бес қабатты үй 1980 жылдары салынған. Онда 80-ге жуық пәтер бар. Кейінгі күрделі жөндеу 2016 жылы өткен.

Қазір оқып жатыр

Атыраудағы $2 млрд-тық жоба: Қылмыстық іс бар ма, жоқ па?

Қылмыстық іс

«Мәні жоқ»: шахматшы Магнус Карлсен Бибісара Асаубаевамен ойнаудан бас тартты

Бибісара Асаубаева, Магнус Карлсен

Ресейде әскери ұшақ құлады: қаза болғандар бар

Ресей ұшақ

$2 млрд-тық жобада заңбұзушылық бар ма? Министрлік НЕГЕ үнсіз қалды?

Энергетика министрлі