USD
USD
USD

Қожағапановтың орнына Есімовтің жиені қызметке келді

Серік Құсайынов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл лауазымға ол Ерлан Қожағапановтың орнына келді. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Қожағапановтың орнына Есімовтің жиені қызметке келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Серік Құсайынов Алматының Алмалы ауданының әкімі болған. 

Құсайынов Серік Досымханұлы 1964 жылғы 8 мамырда Алматы облысының Шамалған станциясында дүниеге келген.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын "инженер-электрик" мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.

Әр жылдары Алматы коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор, қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

.

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

сот

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер