USD
USD
USD

Сағынтаев үнді штамына байланысты жаңа қаулы шығатынын мәлімдеді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың үнді штамына байланысты қалада жаңа шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеді.

Сағынтаев үнді штамына байланысты жаңа қаулы шығатынын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Локдауна болмайды. Бірақ шектеу шаралары міндетті түрде енгізіледі. Қаулы жобасын қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті дайындап жатыр. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет комитетінің шешімін күтеміз және комитеттің алғашқы қаулысы шыққан кезде біз де қаулыны жариялаймыз. Вирустың қаншалықты тез тарайтынын көріп отырмыз, сондықтан бәрі түсінеді деп ойлаймын. Бұл жерде бірінші кезекте вакцинацияны күшейту қажет", - деді әкім.

Айта кетейік, Алматыда 21 маусымда "дельта" штамының алғашқы жағдайы тіркелген болатын. Талдаулар қосымша зерттеуге жіберілген. Кейін үш тәулік ішінде Алматыда "дельта" штамы бар 10 сынамаға дейін анықталған.

Қазір оқып жатыр

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов