USD
USD
USD

Сағынтаев: Соңғы айда Алматыда ЖРВИ мен пневмония аурулары бес есеге өсті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония аурулары бес есеге өскенін мәлімдеді. Сондай-ақ қала әкімі «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылғанын атап өтті.

Сағынтаев: Соңғы айда Алматыда ЖРВИ мен пневмония аурулары бес есеге өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді», деді Б.Сағынтаев Инстаграм парақшасында. Қала әкімі бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылғанын айтып өтті. «Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді. Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен», - деді ол. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев