USD
USD
USD

Сағынтаев Ресейден келген дәрігерлер қандай көмек көрсететінін айтты

Алматы қаласына коронавируспен күреске көмек көрсету үшін Ресейден бір топ маман келді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

Сағынтаев Ресейден келген дәрігерлер қандай көмек көрсететінін айтты
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. «Бауырлас қалалардың ынтымақтастығы туралы келісімшарт шеңберінде Мәскеуден Алматыға COVID-19 күреске көмек көрсету үшін бір топ маман келді. Оның құрамында денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары, инфекционистер, эпидемиологтар, анестезиологтар, ревматологтар мен пульмонологтар бар»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Мамандардың бір тобы инфекциялық стационарлардың жұмысын, ауыр науқастардың емделу хаттамаларын және пациенттерді орналастыру жұмыстарын бағалайды. Қалған топ қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыру мәселелерін, барлық деңгейдегі КВИ-ден емделушілерге медициналық қызметтің көрсетілу деңгейіне мән бермек.

«Ал зертханалық зерттеулер жүргізу, жаңа стационарларды ұйымдастыру және оттегі газдарымен емдеу мәселелері жеке пысықталады. Сондай-ақ Моссанэпидқадағалаудың эпидемиологтары алматылық әріптестерімен пікір алмасып, кеңес береді»,– деп атап өтті әкім.

Қазір оқып жатыр

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Смартфон

200 мың доллар және милиондаған рубль: шекарадан қолма-қол ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай