USD
USD
USD

Сағынтаев құрылыс компанияларына қырғидай тиді

Алматыда қауіпсіздік ережелерін сақтамаған құрылыс компанияларына айыппұл салынады. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағынтаев құрылыс компанияларына қырғидай тиді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қала әкімі тапсырмасы бойынша құрылыс барысын бақылау күшейтілді. Бірінші кезеңде салынып жатқан бүкіл 84 тұрғын үй кешені бірқатар критерий бойынша тексеріледі. Анықталған заңсыздықтарды жою ескертілді. Құрылысшылармен әңгіме жүргізілді, мәселе бақылауда», - деп хабарлады басқарма.

Ведомство мәліметке сәйкес, бұған дейін ӘҚБтК-нің 312-бабы бойынша «Investment Building Company», «Самұрық, Барлас құрылыс», «Sheberbuild», «Exclusive construction», «Риголит», «Salavat stroy», «Диал-строй», «АСИ-строй», «Asia Stroy-ST», «Kaz Engineer system», «Крафтин строй», «Nest stroy», «Energy art stroy», «Жаннат Строй», «Сонита строй» және басқалары жауапқа тартылды.

«Қауіпсіздік техникасы бойынша құрылыс кезінде нысандар қоршалуы тиіс, жұмыстың түрлі кезеңдерінде қорғаныс торлары, қорғау-ұстау жүйесі пайдаланылуы керек. Құрылысшылар өз кезегінде арнайы киіммен, оның ішінде сақтандыру белдіктерімен қамтамасыз етілуі қажет», - деп атап өтті ведомства.

Айта кетейік, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық құрылыс алаңында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу