USD
USD
USD

Сағынтаев ҚазҰУ жер телімінің сатылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жер телімін жекеменшікке беру туралы қауесетке қатысты пікір білдірді.

Сағынтаев ҚазҰУ жер телімінің сатылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Университеттің жері жекеменшікке берілмейді. Егер университет жер учаскесін біреуге бергісі келсе, онда олар алдымен әкімдікке жүгініп, "бұл аумақ бізге қажет емес, баланстан шығарып тастаңыз" деген ұсыныс беруі керек. Қазір университеттің жаңа ректоры тағайындалды. Біз ол кісімен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Ол: "Университетті дамыту керек, жерді беруге болмайды, бұл дұрыс емес", - деді. Сондықтан бүгін жерді жекеге беру туралы әңгіме қозғалып жатқан жоқ. Ондай мәселе жоқ, - деді Алматы әкімі қала тұрғындарымен болған есептік кездесуде.

Осы жылдың қаңтарында Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тиесілі жер учаскесі жеке тұлғаға берілгені туралы ақпарат пайда болды. Университет бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.