USD
USD
USD

Сағынтаев карантин талабын бұзған кәсіпкерлерге ренішін білдірді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев карантин талабын сақтауға шақырды.

Сағынтаев карантин талабын бұзған  кәсіпкерлерге ренішін білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тікелей эфир барысында Бақытжан Сағынтаев қаладағы 32 мониторинг тобы белгіленген шектеудің сақталуын қадағалайтынын еске салды. 8 қазан мен 17 қараша аралығында 444 рейд жүргізіліп, 3,6 мыңға жуық нысан тексерілді.

Тексеру барысында 828 нысанда (22,5%) талапты сақтамау анықталды, 90 заңды тұлғаға 28,7 млн теңге көлемінде 453 әкімшілік айыппұл салынды. Маска режимін бұзған жеке тұлғаларға 15,5 млн теңгеге айыппұл салынып, 374 әкімшілік хаттама толтырылды.

«Алда күрделі кезең тұр, ауру өрши түсетін болады. Вакцина пайда болғанша біз санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға тиіспіз», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Мегаполис әкімі ойын сауық және қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес өкілдерін осынау күрделі кезеңде ынтымақтастық танытуға бір қадам жасауға шақырды.

«Егер біз бір-бірімізге көмектеспесек, кемшілік жалғасады, яғни коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артады. Сондықтан кәсіпкерлер карантинге қатысты белгіленген жұмыс кестесін сақтау қажет», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер