USD
USD
USD

Сағынтаев қаладағы екпе егетін пунктілердің жұмысын тексерді

 Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бірқатар қалалық емханаға барып, вакциналаудың ұйымдастыру жұмысымен танысты. 

Сағынтаев қаладағы екпе егетін пунктілердің жұмысын тексерді
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Әкім парақшасыда №5 аурухана және №15,17, 29 емдеу мекемелерінде орналасқан екпе кабинеттерінің жұмысымен танысқанын жазды. Мегаполис әкімі вакциналауға бірінші болып келген алматылықтармен әңгімелесті. Ол коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз мүмкіндігі екпе екенін еске салды. Қалалықтар вакциналауға түсіністікпен қарауда. Оның мәліметі бойынша, вакцинация пунктілері 70 емханада, 31 сауда орталығында, ірі мәдени, білім және спорт мекемелерінде орналастырылуда.

«Қалада КВИ таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың отырысында жаппай вакцинациялау науқанын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Барлығы 250-ге жуық пункт ашылады. Олардың жұмысын 2250 маман дәрігерлер, мейірбикелер, тіркеушілер қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, дәрігер резиденттердің ішінен 1200 ерікті тартылады. Қосымша мобильді жылжымалы пункттер құрылды»,- деп жазды әкім. Сонымен қатар, ол корнавирусқа қарсы ерікті жаппай вакциналаудың бекітілген жоспарына сәйкес, суық тізбекті сақтау үшін мұздатқыштармен жабдықтауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер