USD
USD
USD

Сағынтаев дауыс берді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Парламент мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Сағынтаев дауыс берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді. 

Қала әкімі өзінің азаматтық борышын Оқушылар сарайында орналасқан №377 сайлау учаскесінде болып, дауыс берді.

«Сайлау КВИ пандемиясы жағдайында өтуде. Сондықтан біз учаскелерде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдадық. Қала тұрғынының сайлауға қатысуы үшін барлық жағдай жасалған» – деді қала әкімі Б.Сағынтаев.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, шаһар басшысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқан сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

«Жүргізіліп отырған саясаттың арқасында Қазақстан құр танымал ғана емес, сондай-ақ оны бағалайтын, құрметтейтін мемлекетке айналды. Сондықтан бүгін біз еліміздің одан әрі дамуы мен нығаюына, өскелең ұрпақтың тыныш және бақытты болашағына дауыс берудеміз», – деді Б.Сағынтаев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.