Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сағынтаев: Басты міндет — қалалықтардың денсаулығын сақтау

Алматы әкімі Б.Сағынтаев селекторлық кеңес барысында фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық заттарды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. 

Сағынтаев: Басты міндет — қалалықтардың денсаулығын сақтау
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Кеңестегі басты мәселе дәрі-дәрмек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Өндірістік компаниялардың, дәріханалар желісінің және салалық қауымдастықтың өкілдері дәрі-дәрмектердің қоры және оларды уақытылы жеткізудің жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар, олар процедураларды рәсімдеу және жүктерді қабылдау туралы да сөз етті.

Қала әкімі тиісті қызметтерге медициналық препараттар мен заттардың еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болса салықтық және кедендік әкімгерлік, сонымен қатар шетелдік тауар сертификаттарын алу жеделдетіледі.

Бұлардан өзге, кеңесте дәрі-дәрмектің тұрақты қорын құру мәселесі де талқыланды. Яғни, өте қажет дәрі-дәрмектердің жартыжылдық қоры жасалады, егер дәрі тапшылығы орын алса, олар бірден қаланың дәріхана желісінен алынатын болады.

Б.Сағынтаев қазіргі кезде қала тұрғындарының денсаулығын сақтау бірінші кезектегі әрі басты міндет екенін атап өтті. Денсаулық сақтаудың қажеттілігіне тиісті қаржының барлығы бөлінетін болады.

Қала әкімі дәрі-дәрмек нарығына қатысушыларды дәрі-дәрмектің жеткізілуі туралы шұғыл ақпарат беруге және дер кезінде көмек алуға шақырды. Барлық мәселелер шұғыл шешілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш